jasqazaq.kz

Қостанай облысында 264 адам екпеден бас тартқан

22 қантар 2020, 17:41

Қостанай облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Орал Бекмағамбетов журналистермен өткен брифингте айтты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өңірде «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын артыру жұмыстары кешенді жүргізілді. «Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Облыста 90-нан астам жұқпалы аурулар бойынша мониторинг жүргізілуде.

Инфекциялық аурулар көрсеткіштері өткен жылдар деңгейінде қалды. 20-29 жас аралығындағы адамдарға қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды, 78 660 адамға вакцинация жасалды. Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап 9-11 айлық 7182 бала егу шараларынан өтті. Бұл 97,5%-ды құрайды», — деді Орал Бекмағамбетов.

Тағы бір айта кетерлігі, өңірде 264 адам вакцинациялаудан бас тартқан. Департамент басшысының сөзінше, екпеден бас тартудың негізгі себептеріне ішкі сенімсіздік, вакцинаға сенімсіздік, діни көзқарастар жатады. Жыл басынан бері облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары бойынша 15208 жағдай тіркелген.

«2019-2020 жылдарға бюджет қаражаты есебінен құны 52 млн теңгеге 60 000 дана тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. 30066 адамды вакциналау жұмыс берушілер есебінен қаржыландырылды, өз қаражатымен 626 адам егілді», – дейді департамент басшысы.

Облыстағы ауыз су сапасы ұсынылған гигиена стандарттарына сай. Ағын су сапасының бактериологиялық көрсеткіштері 2,1%-дан 0,5%-ға, санитарлық-химиялық көрсеткіштер 4,6%-дан 2,9%-ға дейін кеміді.

Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 1,17% құрады

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде