jasqazaq.kz

Шетелдік көліктерді тіркеу қанша тұрады?

17 қантар 2020, 14:53

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу үшін қанша ақша керек екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұраталиевтің айтуынша, шетелдік көліктерді тіркеу құны 500 000 теңгеден 4 миллион теңгеге дейін барады. «Тіркеу сомасы көліктің қашан, қай жылы шыққаны, қай елден әкелінгеніне байланысты. Сондай-ақ, шетелден әкелінген көлік кеден тексерісінен өтуі керек. Бірақ стандартқа сәйкес емес көліктерді тіркеу мүмкін болмады. Мысалы, көлікте қауіпсіздік жастығы болмаса, ол тіркелмейді. Ондай көліктерді бөлшектеп сатуға болады», — деді қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев.

Таяуда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген. Армения және Қырғызстан автомобильдеріне қатысты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында оларды пайдалану бойынша қатаң шектеулер бар екенін айта кету керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде