jasqazaq.kz

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді

14 қантар 2020, 12:18

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді, — деп хабарлайды Ekaraganda.kz порталы. Қарағандыда Волочаевский, Защитный, Зональный, Кривогуз, Кувский, Ленин, Олимпиада және Приканальный көшелерінің атауы өзгереді. 13 қаңтарда Достық үйінде өткен жария тыңдалым кезінде осындай шешім шығарылған. Шараға 1005 адам қатысқан. Волочаевский көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Кәміл Дүйсембековтың есімімен аталады. Защитный көшесіне қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршы Григорий Потаниннің есімі беріледі. Зональный көшесіне қазақ ұлттық музыкасын зерттеуші, ҚазКСР халық әртісі Александр Затаевичтің құрметіне беріледі. Кривогуз көшесі енді атақты қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың атымен аталады. Қалада бұрыннан Аманжоловтың есіміне берілген көшені ендігіде Балқантау — тарихи ороним деп атайды. Кувский көшесі ҰОС ардагері Қазыбек Нұржановтың есімімен аталады. Ал қазіргі Нұржанов көшесінің атауын Мерей деп өзгертеді. Олимпиада көшесі Еңбек ардагері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Нарманбет Төлеповтің есімімен аталады. Приканальный көшесі Сарыарқа деп аталады. Ленин көшесі Абай Құнанбаев көшесі деп аталады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде