
Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде құрғақта, таңертеңнен бері суда жүргізілді. Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған. Балалардың бірінің денесі Редуть ауылының маңындағы каналдардың бірінен табылды. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Осыған дейін Атырауда екі баланың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.
