jasqazaq.kz

44 мыңнан астам қазақстандық салық рақымшылығын пайдаланды

09 қантар 2020, 18:00

Елімізде салық рақымшылығы басталғалы жеңілдікті 44 397 салық төлеуші пайдаланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығыңыз білетіндей, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеуші негізгі қарыздың сомасын төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізу тапсырылған болатын. Қаржы министрлігі заңнамаға түзетулер енгізіп, тиісті ішкі нормативтік құқықтық актілер әзірлеп, соның негізінде былтыр шағын және орта бизнес субъектілері үшін, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалды. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша берешегі бар салық төлеушілер рақымшылық науқанына ілігіп, өтеу кезінде есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылды. Салықтық рақымшылық қорытындысы бойынша, жалпы республика деңгейінде 41 183 салық төлеуші 8,3 млрд теңге сомасында берешегін өтеді. Бұл ретте, есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұл сомасы 2,9 млрд теңгені құрады», — деп атап өтті Қаржы министрінің бірінші орынбасары. Берік Шолпанқұловтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салықтық тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауға байланысты берешегі анықталмаған салық төлеушілер де рақымшылыққа ілінген. «Былтыр тамыз айынан бастап салық заңнамасын бұзған, алайда оны өз бетінше жойған және 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу мерзімімен өткен салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін ұсынған салық төлеушілерге де рақымшылық жасалды. Нәтижесінде 3 214 салық төлеуші рақымшылықты пайдаланып, олар 10,1 млрд теңге берешекті төлеген. Олардың 3,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен өсімақылары есептен шығарылды. Осылайша, салықтық рақымшылықты қолданған салық төлеушілердің жалпы саны 44 397 құрады. Төленген берешек 18,4 млрд теңгені, ал есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар 6,5 млрд теңгені көрсетті», — деп түйіндеді Берік Шолпанқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде