jasqazaq.kz

Орман өрті жарты миллиардқа жуық жануардың өмірін қиды

03 қантар 2020, 22:33

Аустралиялық ғалымдар елде белең алған орман өртіне қатысты дабыл қағып жатыр. Сидней университеті жүргізген зерттеу нәтижесінде өрт салдарынан жарты миллиардқа жуық Аустралия фауна өкілдері мерт болғаны анықталған.Бұл туралы  Bloomberg-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Зерттеу мәліметтері бойынша 480 миллионға жуық сүтқоректі құстар мен бауырымен жорғалаушылар өрт салдарынан табиғи өмір сүру ортасын жоғалтып, мерт болған.

Аустралияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты өрттен коала популяциясының 30% жойылғанын мәлімдеді. Ең қорқыныштысы, жануарлар арасындағы өлім саны артуы мүмкін, себебі, өртті тоқтату мүмкін болмай отыр. Қызыл жалын 12 миллион акр орманды (5 миллион гектарға жуық), Уэльс штатының көлемінен екі есе үлкен аумақты шарпыған.

Бірнеше ай бұрын басталған орман өрті 20 адамның өмірін қиып, мың жарымға жуық үй өртенген.

Бірнеше сағат бұрын ғана Виктория штатының оңтүстік-шығысында төтенше жағдай жарияланды.

BBC News ақпараты бойынша, өрттен қажыған аустралиялықтар елдің премьер-министрі Скотт Моррисонға сын айтуда. Олардың пікірінше, премьер-министр мен оның үкіметі қиын жағдайдан шығу үшін тиісті іс-әрекетті жасап жатқан жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде