jasqazaq.kz

Көліктің артына жармасамын деп мерт болды

03 қантар 2020, 13:44

Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында жол апаты болды.Бұл туралы  облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Стеклянка ауылынан 7 шақырым жердегі «Семей — Дөлен» тасжолында 19 жастағы «Nissan Terrano» жүргізушісі көлігінің артына резеңке баллонды іліп, оған 2001 және 2002 жылы туған екі танысын отырғызып, заңсыз қозғалысын жалғастырған.

Жолай жас азаматтар қарсы жолға түсіп «Nissan X-trail» маркалы көлікпен қақтығысқан. Салдарынан баллонда отырған екі жігітті көлік соғып, олар әртүрлі дене жарақатымен оқиға орнында мерт болды.

19 жастағы көлік жүргізушісін Бесқарай аудандық полиция қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.

Сараптама жасалып жатыр. Жол ережесін бұзып, абайсыздық таныту салдарынан екі адамның қайтыс болуына қатысты ҚР ҚК 345-бап, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде