jasqazaq.kz

Қаза болғандар санын әртүрлі таратудың себебі айтылды

28 желтоқсан 2019, 19:40

Қалалық әкімдік өкілдері Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының 15 жолаушысы қаза тапты деген мәлімет берген. Кейінірек ІІМ ТЖ Комитетінің өкілдері қаза тапқандар саны 12 екенін айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қаза тапқандар саны әртүрлі болуын түсіндірді. «Ресми мәліметті (әуе апатынан қаза тапқандар саны — автор түсіндірмесі) ҚР ІІМ ТЖ Комитеті ғана беруге құқылы. 12 — осы сан, осы каналдар бойынша өтті. Әртүрлі мәліметтер бары түсінікті. Бірақ ресми мәліметті Үкімет басшысының орынбасары баспасөз конференциясында айтты және бұл комиссия отырысында да айтылған — 12 адам қаза тапты», — деді Ластаев ОКҚ брифингінен кейін кулуарда. Оның айтуынша, жергілікті органдар — әкімдіктер, осы жағдайға байланысты ақпарат беруге құқығы болмаған. «ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі ғана ресми статистиканы бере алады. Олардан басқа ешкімнің беруге құқығы жоқ. Себебі іздеу және құтқару шараларын ІІМ жүргізеді. Ал ауруханада қайтыс болған адамдар туралы мәліметті беру — бұл Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде», — деді Ластаев. Ол ресми түрде Fokker 100 ұшағының әуе апатына ұшырау салдарынан қаза тапқандардың санын азайту дерегі болмағанын айтты. «Жалпы ауруханаларда 54 адам жатыр, оның 18-і ауыр халде», — деді ол.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде