jasqazaq.kz

Әлеуметтік көмек алған аналар сотқа шақырылып жатыр

24 желтоқсан 2019, 16:08

Арнайы әлеуметтік көмек алған шығысқазақстандық көпбалалы аналарды сотқа шақырып жатыр. Бүгінге дейін табысын жасырып қалды деген шағыммен 23 ананың ісі сотқа жетіпті.

Бұл туралы 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтарында айтылды.

Ал аналар болса, кезінде комиссия келіп қарап, өздері бекіткен шешімнен енді айнып отыр дейді. Әкімшіліктің қызметкерлері тіпті бір айда бір отбасына екі рет атаулы әлеуметтік көмекті төлеп қойып, артынан қайтарып алған екен.

ШҚО тұрғыны Аида Абдрахманованың күйеуі жол апатына түсіп, екі аяғынан бірдей айырылған. Жұмысқа жарамсыз. Достары көмек болсын деп қаңтар айында көлік сыйлаған екен. Бірақ ол жүрмейді.

Сәуір айында комиссия келі көріп, жәрдемақы беруге болады деп шешім қабылдаған. 4 ай өткен соң 4 баласына тағайындалған жәрдемақыны қайтар депті.

Қазір көпбалалы ана жәрдемақыны емес, жүрмейтін көлікті қайтарып берейін деп отыр.

«Көлікті қайтарайын десем, оған келіспеді. Қазір 612 575 теңге қайтаруым керек екен. Күйеуім жұмыс істей алмайды», — дейді Арай.

Көпбалалы аналар кінә бізден емес, комиссия мүшелерінен деп отыр. Мәселен, Раушан Төлеубекованың жолдасы әскери қызметте.

Бастапқыда пәтер жалдау үшін мемлекеттен берілетін ақша есептелмейді деген соң құжаттарын өткізіпті. Енді түрлі сылтау айтқан қызметкерлердің сөзіне қалай сенерін білмейді.

Ал, әлеуметтік көмекті берушілер мұнымен келіспейді. Бар мәселені базаға сілтеп, ақшаны қалай да қайтарып алатынын айтты. Айтуларынша, 8 млн 300 мыңнан астам сома өндірілуі тиіс.

Мамандар «Е-Халық» қызметінің кемшіліктері болғанын айтады. Бір айда екі рет жәрдемақы төленгені рас. Алайда оны сотқа жеткізбей қайтарып алған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде