jasqazaq.kz

Ниязовты еске алуға шектеу қойды

24 желтоқсан 2019, 15:17

Биыл Ашғабадта елдің тұңғыш президентін еске алу шарасы 21 желтоқсанда өткен. Мемлекеттік ақпарат құралдарының жазуынша, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатыспаған.
Түркіменстанда президенттің қатысуымен өткен жабық жиналыста елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовты еске алып құрмет көрсетуге шектеу қойылған. Бұл жөнінде «Түркіменстан хроникасы» басылымы хабарлады.
Енді бұдан былай Ниязовты Ашғабадта ресми шараларда оның ескерткішіне гүл қою рәсімінде ғана еске алуға болады.Биыл Ашғабадта елдің тұңғыш президентін еске алу шарасы 21 желтоқсанда өткен. Мемлекеттік ақпарат құралдарының жазуынша, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатыспаған.
Осыған дейін Бердімұхамедов Ниязовты еске алуға арналған шараларға өзі қатысып, гүл қойып келген.
Сапармұрат Ниязов Түркіменстанды 1985 жылдан 2006 жылға дейін басқарған. 1990 жылы президент болғаннан кейін ол Түркіменстан батыры және Түркіменбашы атағын алған. Ниязов құрметіне Ашғабадта және елдің басқа өңірлерінде көптеген ескерткіштер орнатылған.
Түркіменбашы 2007 жылы қаза болғаннан кейін біртіндеп оның ескерткіштері азая бастады. 2007 жылы мамыр айында Ниязовтың Түркіменабад қаласындағы ескерткіші алынып тасталды. 2008 жылы Бейтарап қақпасын Ашғабад орталығынан қаланың шетіне көшіруге шешім шығарылды. Онда бұрынғы президенттің алтын жалатылған мүсіні орнатылған.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде