jasqazaq.kz

Мектеп оқулығында жұлдыздардың суреті пайда болды

24 желтоқсан 2019, 13:46

Ғаламтор кеңістігінде бірқатар отандық жұлдыздардың 11 сынып оқушыларына арналған кітаптардың мұқабасына шыққан суреті тарап кетті. Мектеп оқулықтарының сыртына шыққан жұлдыздар қатарында Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Тәуекел Мүсілім мен Әбдіжаппар Әлқолжа бар.

Желіде тарап кеткен суретке сәйкес, «Қазақ тілі» оқулығының сыртында Төреғали Төреәлі бейнеленсе, «Геометрия» мұқабасында Ерке Есмахан тұр. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихында» Әбдіжаппар Әлқожа, «Ағылшын тілі» оқулығында Тәуекел Мүсілім бой көрсеткен.

Бұл «жұлдызды оқулықтардың» суретімен Instagram парақшасында Төреғали Төреәлі бөлісті. Ол өзі бейнеленген «Қазақ тілі» кітабының мұқабасын жариялап, «құтты болсын ағайын» деп оқырмандарынан сүйінші сұраған.

Оған қоса, өнер иесі өзге әріптестерінің суреті қойылған кітаптарды да желіге жүктеп жіберді.
Отандық әртістердің мектеп оқулығына шығуы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі бұл жайтты қолдап жатса, енді бірі оны үлкен қателікке балады.

Ал кейбір оқырмандар аталмыш суреттердің фотошоптың арқасында жасалғанына кәміл сенімді екенін жеткізді.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде