jasqazaq.kz

Семей көшесін сілеусін кезіп жүр (видео)

23 желтоқсан 2019, 10:19

Семей қаласының көшелерін кезіп жүрген сілеусін видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жуықта әлеуметтік желілерге қалаға қарасты аудандардың бірін кезіп жүрген сілеусіннің видеосы тарап кеткен еді. Зоолог Виктор Хромов бұл ақпаратты растап, түз тағысының қалаға кіріп кеткенін көргенін, осыған қатысты бірнеше адамның хабарласқанын айтып берді. «Видеоны көрдім. Дене тұрқына қарап, аңның жас екенін аңғаруға болады. Бұл кәдімгі сілеусін. Аймағымызда кеңінен кездеседі. Орман мысығының бұл түрі қарағайлы орманда мекен етеді», — дейді Виктор Хроморов.

https://youtu.be/gXl_jNBPi-o

Зоолог сілеусіннің біреудің қолында асырауда болғанын болжап отыр. Оның айтуынша, түз тағысын біреулер орманнан ұстап алып, асыраған. Кейін ол қашып кеткен. «Жас сілеусін шошып қалған. Тезірек бір жерде бой тасалағысы келгені байқалады», — дейді зоолог.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде