
Қазақстандықтардың жеке мәліметтері сақталған шетелдік сайт табылды Роскомнадзор қызметкерлері Қазақстанның 34 және Ресейдің 60 қаласының тұрғындары жайлы жеке мәлімет сақталған интернет-ресурсты анықтады.
Миллиондаған ресейлік пен Қазақстан тұрғындарының жеке бас деректерін сақтайтын nomerekaterinburga.com атты шетелдік интернет-ресурсты анықтады. Nomerekaterinburga.com домені Францияда тіркеліп, сол жақта орналасқан. Веб-сайтта миллиондаған пайдаланушылардың аттары, мекен-жайы және телефон нөмірлері туралы ақпарат әліпби тәртібімен тізбектеліп жарияланған. Сайт өзін «телефон анықтамалығы» деп жариялап, тіркелушілерге мәліметтер базасында ұялы телефон нөмірін енгізу ақылы SMS-пен кіру кодын алуды ұсынады. Ресей билігі бұл сайтты субъектілердің жеке деректер бойынша құқығын бұзушылар тізіміне енгізді, таяуда ол бұғатталады.