
Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті, 16 жастағы бойжеткен табылды.
Анасы Күләш Әкімбекованың айтуынша, жасөспірім қыз жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған. «16 жетоқсан күні құзырлы органдар тапқан. Ол өзінің жігітіне еріп Сарыағашқа кетіп қалған. Біз жастармен сөйлестік. Оның айтуынша, маған айтып, ескерткен күнде де рұқсат бермейді деп ойлаған. Сол себепті ешкімге хабар бермей кетіп қалған» ,- деді қыздың анасы.
Дереккөзі: ҚазАқпарат