jasqazaq.kz

Халықаралық форум шетелдік озық мамандардың басын біріктірді

04 қараша 2019, 10:12

    Өткен аптада Алматыда Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының (ҚРМҚ) «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» атты  XI Халықаралық Конгресі өткен болатын. Конференция жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері сонымен қатар Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Израиль, Испания, Италия, Үндістан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Түркіменстан, Чехия мен Жапонияның репродуктивті технология саласындағы жетекші мамандары –  акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭКҰ орталықтарының өкілдері, андрологтар, эндокринологтар, бедеулікті емдейтін мамандар, эмбриологтар, генетиктер мен  молекулярлық биологтар қатысты.

Конгреске еліміздің  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысып, 18 мемлекеттен 600-ге тарта арнаулы медицина мамандары келді. Форумның ашылуында Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары ұсынылды. Конференцияны Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан репродуктивтік  медицина қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда тегін міндетті көмек бойынша репродуктивті денсаулыққа, ауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінгенін және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде динамикалық бақылауда екенін айтты.

«Мемлекет МСАК бойынша үшінші және төртінші деңгейде қызметтер кешенін ұсына отырып, ана мен баланың денсаулығын үнемі қатаң бақылауда ұстаймыз. МСАК деңгейінде 300 астам Отбасын жоспарлау кабинеті және 117 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді» — деді министр.

Сондай-ақ, ол қосалқы репродуктивті технологиялар клиникалары жыл сайын жүздеген шетелдік пациенттерді қабылдап, медициналық туризмді дамытуда көшбасшы екенін атап өтті.

Алматыдағы « Персона»клиникасының репродуктологы Әлия Төлепованың айтуынша,  соңғы ондаған жылда әлемде бедеуліктің түрлі формаларын емдеуде үлкен тәжірибе жиналыпты. Бүгінгі когрестің басты мақсаты ұрпақ өрбіту мәселесін шетелдік мамандармен бірлесе шешіп, тәжрибе алмасып, ақпаратпен қамту екен. Қазіргі кезде бар тәсілдердің көбі Қазақстанда ойдағыдай енгізілген. Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормоналдық әдістері заманауи деңгейде дамып, қауіпсіздігі және тиімділігі жоғары дәрілік препараттар тіркеліп жатыр.

Бүгінде Андрология, медициналық генетика, эмбриология мен молекулярлық биология  қарқынды дамып келеді. Бұның бәрі қосалқы репродуктивті технологияларды тәжірибеге белсенді түрде енгізуге жол ашады.

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде