jasqazaq.kz

Дау туғызған мүсін алынып тасталды

04 қараша 2019, 12:57

Семейде көптеген ағаш мүсіндер бар. Солардың ішінде Жеңіс саябағында тұрған Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қоғам наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желіде бұған қатысты «Бізде талантты суретшілер көп емес пе? Олар қайда жүр? Суретшілер кеңесі, эскиздер қайда? Бұл жобаларды кім бекіткен?», «Мұны жаңа жылда балабақшалардың біріне жалмауыз кемпір кейіпкері ретінде қоюға болады. Бұл саябақта тұруы тиіс емес», «Бұл кімнің қаражатына жасалған? Кәсіпкер ақша бөлген бе?» деген сияқты наразылық сипаттағы пікірлер жазылды. Осы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрадық. «Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық», — дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов. Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған. «Бізде мұндай тәжірибе болған. Қаладағы Абайдың ескерткішінің жанына ағаштан ойып домбыра, қобыздың мүсінін жасаған болатынбыз. Осы жолы Әлия Молдағұлова немесе Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап көрейік дедік, бірақ ол сәтсіз шықты. Келесі жылы ҰОС 75 жылдығына орай Жеңіс саябағы толық реконструкцияланады. Ол жерде бұл мүсіннің тұруына қисын жоқ, сол себепті алып тастадық», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде