jasqazaq.kz

Баланы мұндай жағдайға жеткізген не нәрсе?

04 қараша 2019, 12:46


27 қазан күні Ақтөбе облысының Ембі қаласында мектеп оқушысы үйінің ауласындағы сарайда асылып қалды. 
Бала Ембідегі орта мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқиды. «Бұл І-тоқсаннан кейінгі демалыс күндері болды. Мектепте психолог бар, ата-аналармен жұмыс жүргізілуде», — дейді мектеп басшылығы.
Мектеп басшылығы баланың соңғы кездергі мінез-құлқы туралы айтудан бас тартты.

— Қазір психологтар туыстарымен жұмыс жасауда. Тергеу органдары оның себептерін анықтап жатыр. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қандай да бір түсінік беру қиын, өйткені баланың ата-анасы үшін ол өте ауыр тиюі мүмкін, — дейді Мұғалжар ауданының білім бөліміндегілер.
Бала отбасының үлкен баласы екені белгілі. Әке-шешесі ажыраспаған. Оның төрт бауыры бар: төртінші сыныпта оқитын және жаңа туған інілері, екінші сыныпта оқитын және 4 жасар қарындастары бар. Баланы мұндай ауыр әрекетке не итермелегенін қазір полиция анықтап жатыр.

Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Алға ауданындағы мектеп оқушысы дәл осындай жолмен өз-өзіне қол салған.

 

Zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде