
Жамбыл облысында жоғалған оқушы қыз табылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 қарашда Жамбыл облыстық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалып кеткен 2002 жылғы Доқтырбай Асылжан Манатқызы табылды», — делінген хабарламада.
Қыз бала 31 қазаннан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Мадимар ауылында болған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына қайтарылды.