jasqazaq.kz

Алматыда ер адамнан қару-жарақ арсеналы табылды

01 қараша 2019, 13:36

Алматының Медеу ауданында қару-жарақ сақтаған ер адамды ұстау бойынша арнайы операция өткізілді.

«Полиция назарына «Думан» шағынауданында тұратын 27 жастағы жігіт ілінді. Ол адамдарды бопсалағаны үшін бұған дейін де істі болған. Тінту барысында қалтасынан пышақ табылды. Сонымен қатар, күдіктінің «Audі» көлігінен 12 калибрлі екі шолақ мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, карабин, 15 оқ-дәрі табылды. Тәркіленген қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық тексеруден соң құралдардың қай жерде шығарылғаны, иесі кім екендігі, қылмысқа қолданылғаны немесе қолданылмағаны анықталады», — деді қалалық Полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде