jasqazaq.kz

1 тонна киік мүйізі тәркіленді

28 қазан 2019, 10:23

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топты анықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ уақыт бойы заңсыз киік атып, олардың мүйізін Қытайға контрабандалық жолмен тасымалдайтын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Тексеру барысында жедел-тергеу тобы 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін алды», — делінген комитеттің ресми хабарламасында. Мамандардың есебі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке 5 млрд 664,6 млн теңге шығын келген. «ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 339-бабы (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, оның 9-ы сот санкциясымен қамауға алынды. Күдіктілердің барлығы – Қазақстан Республикасының азаматтары. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», — деді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде