jasqazaq.kz

Қанат Ислам чемпиондық атағын қорғап қалды

27 қазан 2019, 10:59

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Канат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық спортшы Уолтор Каутондокваны (18-1, 17 КО) жеңді. Бүгін, 26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Канат Исламға берді. Алғашқы раундтарда қос боксшы бір-бірін зерттесе, үшінші, төртінші раундтарда шабуыл жасауға кірісті. Бесінші раундта Қанат Ислам жойқын соққы жұмсап, Уолтор Каутондокваны нокдаунға түсірді. Бірақ намибиялық спортшы бірден есін жиып, жекпе-жекті жалғастырды. Алтыншы, жетінші және сегізінші раундта намибиялық боксшы айқын басымдық танытты. Сол уақытта Қанат Исламды қолдау үшін жанкүйерлер Қазақстан әнұранын айтты. Тоғызыншы және соңғы раундта отандасымыз бар күш-жігерін жинап жылдамырақ қимылдай бастады. Десе де екі боксшының да шаршағаны байқалды. Еске салсақ, салмақ өлшеу рәсімінде Қанат Ислам қарсыласынан жеңіл болып шыққан — 71,900 келі, ал Каутондоква таразыда 71,950 келіні көрсеткен. Айта кетелік, 34 жастағы Уолтор Каутондокваның бойы 35 жастағы Қанат Исламнан 10 сантиметрге ұзын болды. Мұның алдында Қанат Исламның (26-0, 21 КО) менеджері Нельсон Лопес мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек ұйымдастыру мақсаты туралы айтқан еді. «Қазір сегізінші орындамыз, бірақ, бірінші болғымыз келеді. Басты мақсат осы. Бәрін жеңуге даярмыз. Бүгін Уолтермен, ал ертең «Канеломен» жұдырықтасып, оны жеңеміз. Оны Қазақстанға алып келеміз. Головкиннің қолынан келмегенді жасаймыз. «Канелоның» артынан кез келген салмақа баруға дайынбыз. Супер ортада болса, сол дивизионға барамыз. Жетеміз де, басым боламыз. Қазақ еліне осы жекпе-жекті сыйлаймыз», — деген Лопес.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде