jasqazaq.kz

Көмір құнын өсіру үшін қулық жасайды

25 қазан 2019, 11:46

Табыс табудың тың тәсілі. Шығыс Қазақстанда алыпсатарлар көмірден көп пайда көру үшін қулық жасап жүр. Пысықайлар әуелі әлеуметтік отын жөнді жанбайды деп жалған сөз таратады. Кейін көпшілікке құны қымбат «сапалы» көмір ұсынады. Аймақ сақшылары қатты отын сатылатын орындарды қадағалауға алды. Бұл жерде жуықта ғана ұзын-сонар кезек болатын. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Алыпсатарлардың кесірінен жергілікті тұрғындар отын ала алмай қалған еді. Олар жолды кесіп, көмірді қымбат бағамен сатып келген. Мәселеге өңір билігі араласып, көмір сататын жерлерде полицияны кезекшілікке қойды. Күн сайын 150 жүк көлікке көмір тиеледі.

Нұржан ҚАЗИЕВ, КӨМІР САТАТЫН ОРЫННЫҢ ӨКІЛІ:

Қазір ешқандай кезек те кедергі де жоқ. Келген көліктерге көмір тиеліп жатыр. Отын жеткілікті. Алыпсатарларға ешкім бармайды, клиенттерінен айрылды.

Алайда алыпсатарлар қол қусырып қалған жоқ. Олар пайда табудың тың тәсілін, жаңа жүйесін ойлап тапқан. Аймақ тұрғындары арасында әлеуметтік отынның бағасы арзан, сапасы нашар деген жалған ақпарат таратып жіберген. Зейнеткерлер арасында кейбірі қаңқу сөзге ергендері де бар.

Айман ҚАСЕНОВА, ТҰРҒЫН:

Әлеуметтік көмір дұрыс жанбайды деп естідім. Зейнетақымды алған соң ,бағасы сәл қымбат болса да дені дұрысын сатып алам.

Мамандардың айтуынша әлеуметтік пен коммерцилық көмірдің бағасында ғана айырмашалық бар. Әйтпесе екеуі де бір жерден тиеледі және сапасы да бірдей.

Мұрат РАПИЖАНОВ, КӨМІР ЖЕТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Әлеуметтік көмірдің құны 8 мың 750 теңге,ал коммерциялық баға 9 мың 200 теңге. Біз 5 мың теңгеге апаратын болсақ, олар 15 мың теңгеге жеткізеді. Мәселе — осында жатыр.

Шығыс өңірге биыл 1 миллион тоннадан астам көмір жеткізілген. Білім және денсаулық сақтау мекемелері отынмен қамтылыпты. Әлеуметтік арзан көмір сәуір айына дейін, осы белгіленген баға бойынша тұрғындарға жеткізілмек. Дегенмен, жалған ақпар жайып жүрген алыпсатарлар болса, әзірге жазаға тартылмайтын сыңайлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде