jasqazaq.kz

Коллекторлардың өкілеттігі шектелмек

24 қазан 2019, 17:50

Қазақстанда коллекторлық компанияларға борышкердің жақын туыстарынан басқа таныстарына байланысқа шығуына шектеу енгізілмек. Бұл туралы ҚазАақпарат хабарлады.

Қазақстан коллекторлары одағының төрағасы Юрий Лидің айтуынша, мұндай ұсыныстар қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған нұсқауларда қамтылған. «Атап айтқанда, коллекторларға борышкердің жақын туыстарынан өзге таныстарына, яғни үшінші адамдарға байланысқа шығуына шектеу қарастырылған. Бұл тұрғыда борышкердің тұрғылықты жерін немесе байланыс мәліметтерін анықтау мақсатында ғана туыстарына хабарласу мүмкіндігі беріледі. Осы арқылы мерзімі өтіп кеткен қарызды сотқа дейін қайтару мақсатында коллекторларға үшінші адамдардың мазасын алуына жол берілмейді. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан шығамдарды айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді», — деді Юрий Ли Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел отырысында. Оның сөзіне қарағанда, коллекторлық агенттіктердің міндетіне борышкермен өзара іс-қимылдың барлық процесін тіркеу ескеріліп отыр. Осы орайда дыбыс және бейне құрылдары арқылы, оның ішінде телефон байланыстарын жазып алу қарастырылған. Бұл қадам борышкерлермен байланысқа шығу кезінде құқық бұзушылықтың орын алу немесе болмауы жағдайын жеңіл анықтау үшін іске асырылмақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде