jasqazaq.kz

Елімізде есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

23 қыркүйек 2019, 10:23


Есірткі саудасына қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады.

Осы уақытқа дейін есірткі сататын 4800 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елімізде жыл сайын маусым айынан қазан айына дейін ауқымды «Көкнәр» операциясы өтеді. Мақсаты – есірткі қылмыскерлерінің іс-әрекетін тоқтату. «Синтетиканы» саудалау жақсы табыс әкеледі, сондықтан қылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерге барады. Мәселен, 9 шілдеде Алматы облысының Талғар қаласының пошта бөлімшесінде салмағы 110 грамм 7 экстази салынған пакеті бар 27 жастағы алматылық әйел ұсталды. Сәлемдеме әйелге Нидерланды Корольдігі атынан жіберілген. Сондай-ақ, тамыздың соңында Павлодар қаласында тінту кезінде ұрланған затты үйде сатушылардың бірінен 667 грамм «жылдамдық» психотропты заты табылды» делінген хабарламада. Байланыс құралдарының дамуына байланысты есірткі сатушылар тұтынушымен жүздеспей-ақ сауда жасай бастады. Интернет-сайттардың көмегімен олар есірткі сатып, оны келісілген жерге қояды. Тұтынушы мен сатушы бір-бірін көрмейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға қарсы тұру үшін интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін олар барлығы есірткі сататын 4800 сайтты бұғаттап, интернет-дүкендердің мекенжайы бар 1200 граффитиді анықтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде