jasqazaq.kz

Бергей Рысқалиевтен 13 млн доллар тәркіленді

19 қыркүйек 2019, 17:46

Қазақстанның құқық қорғау органдары Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің мүлкін іздеуде. Бұл туралы бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді.

«Бергей Рыскалиев басқаратын қылмыстық қоғамдастықтың мүлкін іздеу және тәркілеу жүргізілуде. Шетелде 13 миллион доллар тәркіленді. Оларды тәркілеу бойынша жұмыс жүргізілуде», — деді бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы.

Қадағалау органының өкілі еске салғандай, Бергей Рысқалиев ағасымен бірге облыс әкімі болған алғашқы күннен бастап бюджет қаражатын ұрлау үшін тұтас қылмыстық қауымдастық құрды.

«2006 жылдан 2012 жылға дейін олар мемлекеттік мүлікті жүйелі түрде өз адамдарына арзан бағамен сатты, әлеуметтік нысандар салу құнын өсірді, аса ірі көлемде пара алды, ресми құжаттарын қылмыстық мақсатта қолдан жасады», — деді Сапарбек Нұрпейісов.

Бас прокуратураның мәліметінше, ұрланған ақша арнайы құрылған жалған фирмалар арқылы заңдастырылып, шетелге шығарылған.

«Бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтар болды, олардың иерархиясы болды және рөлдерге бөлінді. Олардың біреуін Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Альбакасов басқарды. Олар газдандыру, электрлендіру, сумен жабдықтау объектілеріне, үйлер салуға, көпір өткелдері, канализацияға, емдеу орындары мен басқа да әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау туралы бір қылмыстық мақсатты көздеді», — деді ол.

Қазіргі уақытта бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп Рысқалиев тобын қылмыстық жауапкершілікке тартуды жалғастыруда.

Қадағалаушының айтуынша, сот үкімімен 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шоттарындағы ақша, барлығы185 нысан тәркіленген. Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта мемлекетке 44 млрд. теңгеден астам шығынның орны толтырылды.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде