
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді.
«Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлықтарыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайларға байланысты, Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі», — деді министр үкімет кулуарында. 16 қыркүйекте SuperStar.kz байқауының бұрынғы қатысушысы Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Полиция «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» дерегі бойынша із қозғады. Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобын құрды.