jasqazaq.kz

Өзбекстан Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болды

16 қыркүйек 2019, 16:07

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Өзбекстан Республикасының Түркі кеңесіне мүшелігі туралы мәлімдеме жасады.

«Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы ретінде 2019 жылдың 14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының 2009 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі Кеңесі) құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялағанын үлкен қуанышпен хабарлаймын. Бұл қадаммен Өзбекстан Республикасының Түркі Кеңесінің толыққанды мүшесі болды. Осы тарихи шешім Нахчыван келісіміне қол қойылуының 10 жылдығына және 2019 жылы 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-саммитіне тұспа-тұс келіп отыр. Алдағы Саммитте Түркітілдес елдерінің басшылары Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев бастаған бауырлас Өзбек елін ресми түрде құрметпен қарсы алады. Бауырлас Өзбекстанның Түркі Кеңесі ұжымына кіруін шын жүрекпен құптай отырып, бұл айтулы оқиға Түркі Кеңесінің жұмысына және түркітілдес елдер мен халықтар арасындағы ұдайы дамып келе жатқан ынтымақтастыққа үлкен серпін береді деп санаймын. Өзбекстан әрдайым Түркі әлемінің аса маңызды факторларының бірі және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Самарқанд, Бұхара және Хиуа сияқты қалаларымен түркі-ислам дүниесының экономикалық және мәдени бесігі болды. Сонымен бірге, бауырлас Өзбек халығының өзінің бай ұлттық және тарихи мұрасымен әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор. Бүгінгі таңда Өзбекстан тек өзінің бауырлас елдеріне ғана емес, сонымен қатар бүкіл аймақ үшін де ынтымақтастық пен дамудың жаңа үрдісін ұсынып отыр. Осы ерекше сәтті пайдалана отырып, бауырлас Өзбекстанды жаңа дәуірге бастаған Республика Президенті Шавкат Мирзияевке үлкен құрметімді білдіргім келеді. Өзбекстан мен басқа да түркітілдес елдер арасындағы ғасырлар бойғы мызғымас тамырларына негізделген бауырластық қатынастар Түркі Кеңесінің біртұтастық туы астында жаңа кенестік пен жарқын болашаққа ие болатынына сенімдімін», — делінген Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтің мәлімдемесінде.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде