jasqazaq.kz

Пара беруге үгіттеген адвокат ұсталды

16 қыркүйек 2019, 13:11

Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі адвокаттар алқасының адвокатына сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі таратқан ақпаратқа сәйкес, ол «үйқамақ» түріндегі жазаны таңдауға жәрдем бергені үшін БҚО Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотының лауазымды тұлғасына 80 мың теңге сомасындағы параны беруге азғыру және аталған соманы алаяқтықпен иелену күдігіне ілігіп отыр. Дегенмен, күдіктінің және оның адвокатының кінәларын мойындауына байланысты процессуалдық келісім жасау туралы өтінішхатпен олар қамауға алынған жоқ. «Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», — деп атап өтеді агенттіктен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде