jasqazaq.kz

Куәгер автобус ішінде болған оқиғаны айтып берді

16 қыркүйек 2019, 10:36

Шамалғанда орын алған жантүршігерлік жол апатының куәгерлері оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Олардың сөзінше, автобус жүргізушісі кептелістің салдарынан не алға, не артқа қозғала алмай қалған. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай куәгерінің сөзінше, автобус жүргізушісі өз бағыты бойынша асықпай келе жатқан. Алайда кептеліс салдарынан пойыз жолында тоқтауға мәжбүр болыпты.

Осы кезде өткелді жаба бастаған.Алайда қоғамдық көлік жүргізушісі не алға, не артқа қозғала алмапты. Ол «технологиялық тұтқында» қалған.

Куәгер Серік Қармысов пойыздың автобус жүргізушісіне сигнал бергенін айтады. Алайда жүргізуші ештеңе істей алмай қалған. Себебі қоғамдық көлік жолдың ортасында қалған, ал шлагбаум жабық болыпты.

«Оның қозғалатын жері де болмады. Апат қас-қағым сәтте болды. Шок болдық. Бұл аумақта күні-кешке дейін, тіпті, түнде де көплік кептелісі болып жатады», — дейді куәгер.

Еске сала кетсек, Ақсеңгір-Шамалған өткелінде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі — бала, біреуі — әйел адам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде