jasqazaq.kz

Хиджабын шешкені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды

11 қыркүйек 2019, 16:56

Ирандық құқық қорғаушы Саба Корд Афшари «хиджабты шешу арқылы жезөкшелікті таратқаны» үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымда аталғандай, Иранда әйелдердің құқығы үшін күресіп жүрген 20 жастағы белсенді 24 жылға, оның ішінде хиджаб кию ережелерін бұзғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Афшариді бір жыл бұрын тұтқындаған еді. Алайда биылғы жылдың ақпан айында ол босатылды. Артынша белсенді өз ұстанымын ашық түрде білдіруін тоқтатпағандықтан, өзі және анасы қайта қамауға алынды.

Құқық қорғаушы бұған дейін сотты болғандықтан, бұл жолы анағұрлым қатаң жаза берілді.

Иран заңы бойынша, әйел адамдарға қоғамдық орындарда хиджабсыз жүруге болмайды. Ол үшін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде