jasqazaq.kz

Аiqyn газетінің бас редакторы тағайындалды

05 қыркүйек 2019, 18:08

Белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Нұрмұхамед Байғара Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық Egemen Qazaqstan газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Еске сала кетсек, Мемлекет Басшысының Жарлығымен Aiqyn газетін басқарған Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Aiqyn республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрген. Газеттің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. 2005 жылы газет Президент сыйлығын, 2006 жылы – «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде