jasqazaq.kz

Студенттерді алдаған алаяқ ұсталды

05 қыркүйек 2019, 17:58

Алматыда өзіне тиесілі емес пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды. Ол өзін пәтер жалға беретін адам ретінде таныстырып студенттердің ақшасын алып, ізін суытқан.

Полицияның мәліметі бойынша, күдікті 27 жастағы Маңғыстау облысының тумасы, бұрын да алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

«Ұсталған күдікті, өзінің құрбандарын жалдамалы пәтер іздейтін жарнама сайттар арқылы тауып отырған. Көбіне нысанаға студенттерді алған. Ол пәтер іздеушілерге, қалада ұзақ уақыт жалға бере алатын пәтері бар екенін айтқан. Негізінде күдіктінің өзі пәтерді бірнеше сағатқа немесе бір тәулікке жалдап, студенттерді шақырып көрсеткен. Пәтердің тез табылғанына қуанған жастар бірнеше айға алдын ала төлем жасап, жалға алған үйлеріне қоныстанады. Алайда, студенттердің қуанышы пәтердің нағыз иесі келгенде су сепкендей басылған. Орта есеппен алаяқ пәтер үшін шамамен 100-120 мың алып отырған. Оның барлық құрбандары тек студенттер, негізінен 18-19 жас аралығындағы жастар. Ол тіпті жерлестерін де алдады»,- дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов. Қазіргі уақытта ұсталған азамат осыған ұқсас 15 қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚРҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде