jasqazaq.kz

Мүйізтұмсық көлікке шабуыл жасады (видео)

28 тамыз 2019, 12:43


Германияда жануарларды қарайтын әйелдің автокөлігіне құтырған мүйізтұмсық шабуыл жасап, машинасын аударып жіберді. Салдарынан әйелдің миы шайқалып, жеңіл жарақат алды. 
Оқиға Германияда Ходенхаген қаласының Серенгети табиғи паркінде болды.    Әйел көлігін лақап аты Кузини деген мүйізтұмсыққа қарай бағыттап жүріп, сол арқылы оны қорасына қарай айдамақ болады. Алайда, ол қашудың орнына көлікке тап беріп, қатты соқтығысады. Соққының күші қатты болғаны соншалықты, көлік үш рет айналып түсті. Бұдан кейін де ашулы жануар онсыз да соғылып қалған көлікке шабуылдауды тоқтатпады. Парктің қызметкерлері дереу джиппен әйелге көмекке келді. Дәл сол уақытта мүйізтұмсықтың тынышталғанын күткен әйел терезеден шығып, әріптестерінің көлігіне отырды.

Парк әкімшілігінің деректеріне сүйенсек, Кузини 30 жаста. Ол Серенгети паркінде 1,5 жыл бойы мекен етіп келеді. Дегенмен, жануар бұл жерге үйрене алмай жүрген көрінеді.

Парк қызметкерлері оны тордан таңертең және кешкі уақытта парк аумағында келушілер болмаған кезде ғана шығарады.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=tY519uoLPQ4

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде