jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Бас редакторларға жоғарыдан қоңырау шалатындар расымен аз емес

23 тамыз 2019, 23:58

Бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларына жоғарыдан қоңырау шалатындар расымен аз емес. Дегенмен, олардың көбі мемлекеттік органдардың жұмысын түсіндіру үшін хабарласады дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі. БАҚ-қа қысым көрсететін әріптестерінің әрекеттерін Дәурен Абаев бүгін осылай түсіндірді. Бл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

— Біз талдау жұмысын жүргіземіз. Бас редакторлармен бірге қанша қоңырау түскенін анықтау керек шығар. Жалпы, мұндай қоңыраулардың болғанын жасырмаймыз. Алайда, кейде журналистер қателікке жол беруі мүмкін.

Сәйкесінше, мемлекеттік органдар редакторларға хабарласып, түсіндіруі мүмкін. Үкіметте өткен брифингте білім беру саласындағы жемқорлықтың жолын кесу жайы айтылды. Әсіресе, жоғары оқу орындарында парақорлықпен күрес күшейтілмек. Бұл ретте жылдап орнынан жылжымаған ректорларды ауыстыру басталады. Енді бұрынғыдай атақ, абыройы аспандап тұрғандар емес қолынан іс келетін жастарды да университет басшысы етіп тағайындауы мүмкін. Яғни ректорлар енді конкурстық жолмен іріктелінеді. Ал, оған жастардың да қатысуына мүмкіндік бар.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:

— Жоғары оқу орындарының жоғары сапалы білім беруін қамтамасыз ету үшін тағы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үш университетті тексеріп, сол университеттердің қазіргі уақытта лицензиясын тоқтату бойынша да шешім қабылдаймыз. Осы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде