jasqazaq.kz

Елордада жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасалды

21 тамыз 2019, 11:58

Полицейлер жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 тамызда сағат 03.20 шамасында жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға бара жатып, жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларға бас салған. Өзін агрессивті түрде ұстап, жүргізушіні бірнеше рет ұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген», — делінген департаменттің хабарламасында. Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағы азамат мас күйде болған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді