
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ресейдегі қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан кейін Қазақстанға тараған радиация туралы ақпаратқа жауап берді.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағындағы радиациялық фон мен атмосфераның радиациялық ластану мониторингін жүзеге асырады. Ауа сынамаларын 5 тәулік бойы үздіксіз алу арқылы гамма-фон 85 бақылау пунктінде, бета-белсенді түсу тығыздығы 43 бақылау пунктінде өлшеуден өтіп, Алматы қаласының аккредиттелген радиациялық зертханаларындағы көлденең сүзгілерде өлшенеді. Бета-белсенді түсулердің зертханалық талдау нәтижелері 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін жарияланатын болады», — делінген кәсіпорын ұсынған мәліметте. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 8-14 тамыз аралығында Ресейдің Архангельск, Северодвинск аймақтарынан көшкен ауа массасы Орал тауларының солтүстік бөлігіне 12 км/сағ жылдамдықпен жылжып келген.

Бірақ Қазақстан территориясына жетпеген. «14-19 тамыз аралығында Қазақстан территориясының басым бөлігі жылы ауа массаларының ықпалында болып, Қазақстан арқылы Иран аймағынан, әрі қарай батыс Сібірге жылжыды», — делінген ресми ақпаратта. Сондай-ақ, кәсіпорын мамандары 8-19 тамыз аралығында Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарында, яғни 55 бақылау пунктінде өлшенген радиациялық гамма-фонның деректерін ұсынды.