jasqazaq.kz

Үйді тонап, иесін балтамен ұрды

05 тамыз 2019, 12:32


Алматы полицейлері үйді тонап, одан қала берсе әйелді балтамен ұрған 27 жастағы ер адамды қолға түсірді. 

Stan.kz  жазғандай,  Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Түркісіб ауданында жеке тұрғын үй секторында балтамен кезіп жүрген.

«Отбасылық қыдырудан қайтқан ерлі-зайыптылар үйлеріне келген. Бірақ отағасы әйелі мен баласын есіктің алдына тастап, өзі ары қарай жұмысына кетеді. Әйел үйіне кірген бойда ас үйде ноутбуктың колонкасы жатқанын көреді. Ары қарай барса, жатын бөлмеде киім-кешектері шашылып жатқан. Сол кезде шкафтарды ақтарып жатқан жерінен еуропалық келбеттегі жігітті көріп қалады. Жәбірленуші одан қорыққанынан қаша жөнелген. Алайда, жігіт қолындағы балтасымен әйелді екі рет ұрып үлгерген. Ол құлап қалғаннан кейін қылмыскер белгісіз бағытқа қашып кеткен», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Күдікті өзімен бірге үйден 100 мың теңге мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Іздестіру жұмысына бірден кіріскен полиция қызметкерлері 1992 жылғы бұрын сотты болған жұмыссыз азаматты ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде