jasqazaq.kz

«Тобыл» футбол клубы қаржылық дағдарысқа тап болды

02 тамыз 2019, 17:38

«Тобыл» директоры клубтағы соңғы жағдайлар туралы түсінік берді. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Николай Панин белгілі футбол маманы Владимир Газзаевпен не үшін келісімшартты үзгенін түсіндірді. Оның айтуынша, командадағы қаржылық жағдай осындай шешім қабылдауға мәжбүр еткен. «Алдымен, қазақстандық барша жанкүйер алдында кешірім сұраймын. Еуропа лигасында сәтсіздікке ұшырағанымыз рас. Әрине, кез келген ұжымда мұндай жағдайлар болады. Қазір біз сондай күй кешіп отырмыз. Футболшылар да, клубтың жұмыскерлері де шамалы дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Біз Владимир Валерьевичке Қостанайдағы еңбегі үшін рахмет айтамыз. Дегенмен, «Тобылдың» бюджеті бәрін көтере бермейді. Бюджетті оңтайландыру Еуропа лигасына дейін де қозғалды. Командаға Еуропа лигасының екі кезеңінен өту міндеті қойылды. Мұнан соң біз УЕФА тарапынан түсетін төлемдерге үміт арттық. Дегенмен, біз бірінші кезеңнен әрі аса алмадық. Қазір клубта шығындар қайта есептеліп жатыр. Команда басшылығы футболшыларға жұмсалатын қаржыны азайту туралы ұсыныс айтты. Алайда, Владимир Газзаев бұл ұсынысты қоштамады, мұнан соң өзі жұмыстан кетуге шешім қабылады. Онымен бірге көмекшісі Николай Латыш та кетті», — дейді Николай Панин. Сонымен қатар, командадағы қиын жағдайды ескерген техникалық директор Владимир Нидергаус пен бапкер Андрей Мирошниченко да өз еркімен жұмыстан кеткен. Алайда, қазір команда құрамындағы футболшылар жалақының төмендеуіне қарсылық білдірмеген. «Владимир Газзаев сұхбатында команданың «алтынға» таласатынын айтқан еді. Бұл дұрыс емес. Қаржылық жағдайдың қиындағаны соншалық, чемпиондық туралы әңгіме болған емес. Жақында «Астананың» жылдық бюджетінің бізден үш есе жоғары екенін білдік. Біз бірінші орын алу үшін әуелі құрамды күшейтуіміз керек. Ал ол үшін қаржының керегі сөзсіз», — деп түйді клубтың директоры.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде