jasqazaq.kz

Ер адам балаларын құтқарып, өзі Есілге батып кетті

31 шiлде 2019, 11:44

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада үш адам суға кеткен. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Есіл ауданында жантүршігерлік оқиға болған.

Есіл өзенінің жағасында демалып жатқан отбасының 14 және 16 жастағы екі қызы 9 жасар туысымен сельфи түсірмек болады. Бір кезде қуатты толқын оларды ағызып әкетеді. Қыздардың 45 жастағы әкесі суға күмп беріп, балаларын құтқарады. Алайда өзі өзеннің адуынды толқынынан шыға алмай, батып кеткен. Аққайың ауданында 69 жастағы ер адам балық аулаймын деп суға кеткен. Араға екі күн салып, Қызылжар ауданында да осындай оқиға қайталанды. Бұл жолы 31 жастағы ер адам қаза тапқан. Олардың денелерін құтқарушылар судан шығарып алған. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан рұқсат етілмеген жерде, мас күйде, арнаулы шомылу құралдарынсыз шомылмауын, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде