jasqazaq.kz

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов

30 шiлде 2019, 17:38

Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

«Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Ол Ғабидолла Әбдірахымовты алмастырды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. Осыған дейін, ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарды. Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 1994 жылы ММУ-ді тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі болды. Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan-да бастаған. Бір жылдан соң «Газойл» фирмасының қаржы директоры болды, содан кейін, ҚТЖ-да жұмыс істеді. 1998 жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы директорының орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылы Айтаханов Көлік және коммуникация министрлігінде департаментті басқарды. Осыдан кейін қазіргі Шымкент әкімі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде еңбек етті. 2009 жылы ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кейін Президент Әкімшілігінің инспекторы болып тағайындалды. 2014 жылы Айтаханов Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды. Екі жылдан кейін ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді