jasqazaq.kz

Сібірге су тасқынының екінші толқыны келді

30 шiлде 2019, 11:55

Ресейдің Иркутск облысында толассыз жауған нөсерден кейін 27 шілдеде басталған су тасқыны 20 елді мекендегі 475 үйді шайып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Облыстың сегіз ауданын су басты. 20 елді мекендегі 475 үй су астында қалды. Онда тұратын 2 мың 699 адам, соның ішінде 653 бала зардап шекті. Бұдан тыс, 657 үйдің ауласы, әлеуметтік маңызы бар екі нысан, бір автомобиль көпірі, автожолдардың үш учаскесін де су басқан», — деп мәлімдеді ТЖМ өңірлік бас басқармасының баспасөз қызметі. Нөсер салдарынан Кирей, Ия, Олха, Катаржанка, Солзан, Харлахта, Ока, Тойсук және Хорка өзендерінің су деңгейі көтерілген. Ия өзенінің ең көп зардап шеккен Тулун қаласының маңындағы бөлігінде су деңгейі 9,9 м жеткен, ал шектік меже 7 м болатын. Айта кетейік, тасқынның алғашқы толқынында Ия өзенінің деңгейі 13 метрге жеткен. Сол кезде 887 тұрғын үй су астында қалып, 835 адам эвакуацияланған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде