jasqazaq.kz

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақша алған

27 шiлде 2019, 23:09

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының шенеуніктері алаяқтық жасап, пара алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы Абай ауданының «Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Абай аудандық секторының меңгерушісі алаяқтық жасағанын анықтады. Ол қызмет бабын пайдаланып, атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесемін деп алдап, 375 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр. «Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ның инспекторы да дәл осындай алаяқтық жасағаны анықталды. Оның алған парасы – 45 мың теңге. Адвокаттары айыбын мойындап, процестік келісім жасау туралы өтініш тапсыруына байланысты, аталған тұлғалар ұсталған жоқ. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде