jasqazaq.kz

Жастар конгресі жастар туризмін дамытуға кірісті

18 шiлде 2019, 13:38

2019 жылдың 17 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында «JASTAR KERÝENI» жобасының тұсаукесеріне арналған брифинг өтті.

Тоқтар Болысов, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры:

«JASTAR KERÝENI» ‒ Жастар жылының аясында «Қазақстан жастар конгресі» ЗТҚНБ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның белсенді жастарын ынталандыру мақсатында «JASTAR KERÝENI» республикалық жобасын іске асырады. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту идеологиясы», ‒ дейді.

Аталмыш жобаға тіркелу шілденің 22-сі күні аяқталып, нәтижелері 25 шілдеде шығады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың айтуынша, «JASTAR KERÝENI» ‒ Жастар жылына жоспарланған 89 жобаның ішіндегі ең ірілерінің бірі.

Жобаның ірі болуының себебі – «JASTAR KERÝENI» форумы Қазақстанның барлық аймағынан жастар жиналып, 7 бағыт бойынша тегін саяхат жасауы. Жастармен қоса әрбір аймаққа танымал блогерлер, вайнерлер және актерлер саяхат жасайды.

«JASTAR KERÝENI» 13-19 тамыз аралығында өтетін болады. Осы уақытта қатысушыларды тарихи жерлерге, музейлерге, зауыттарға қызықты экскурсиялар, көптеген мәдени іс-шаралар күтеді.

Сонымен қатар, брифингте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы – Батима Мукина және «JASTAR KERÝENI» жобасының бренд-амбассадоры – блогер әрі шоумен – Ғани Ажикенов жастар туризміне қатысты көкейкесті мәселелерді сөз етті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде