jasqazaq.kz

190 гектар бидай алқабы өртеніп кетті

10 шiлде 2019, 11:50

­

Жамбыл облысында астық алқаптарында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің» құтқарушылары шаруа қожалықтары алқаптарындағы тілсіз жаумен алты сағат бойы күресті. «Рысқұлов ауданындағы Өрнек ауылдық округінде, Жарлысу ауылынан 15 км, Құлан ауылынан 50 км жерде астық алқабы өртенді. «Шәушен» шаруа қожалығына қарасты 190 гектар бидай алқабы, «Аян» шаруа қожалығында 150 гектар арпа алқабы өртенді. Бұдан бөлек, 35 гектар жерде қураған шөп те өртенген. Өрттің жалпы аумағы 375 гектарды құрады», — деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. Өрт төрт сағатта ауыздықталып, тағы екі сағаттан кейін толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге жалпы 49 адам және 16 техника жұмылдырылған. ТЖД өкілдерінің айтуынша, өңірдегі аптап ыстық ми даладағы өрттің тұтануына әкеп соқтыруда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде