jasqazaq.kz

1000 теңге пара беріп, 424 мың төлейді

19 тамыз 2016, 19:09

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Әкімшілік кодекстің 676-бабы, яғни „Заңсыз материалдық сыйақы жасау„ бойынша А.Г. есімді тұлғаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұл туралы Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, А.Г. есімді азамат бұрын сотты болғанына қарамастан, Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация инспекторының қарамағында пробациялық бақылаудан өтіп жүрген.

Сөйтіп биыл 5-мамырда оны Атырау қаласының пробация қызметі шақыртады.

Алайда оның тығыз шаруасы шығып қалып, қаладағы «Ақ-ару» дүкеніндегі төлем терминалы арқылы Б.А. есімді инспектордың ұялы телефонына 1000 теңге ақша салады. Іле-шала: «Сәлеметсіз бе, бүгін жұмыстамын, ертен барсам бола ма, единица түсті ме?» деген СМС-хабарлама жолдаған.

Сөйтіп ол мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы беріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот А.Г.-ны Әкімшілік кодекстің 676-бабы бойынша кінәлі деп танып, мемлекет пайдасына 424 200 теңге көлемінде айыппұл салды.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде