
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті ресейлік «Уфадан» Алматының «Қайрат» клубы сатып алды.
Transfermarkt.de дерегі бойынша, алматылықтар ресейлік клубқа 300 мың еуро төлеген. Бұл соманың 5 пайызын, яғни, 15 мың долларды тараздық «Монтажник» пен «Тараз» бөлісіп алады. ФИФА 23 жасқа дейінгі ойыншыны дайындап шыққаны үшін осындай бағдарлама қарастырған.
Осылайша, Сейдахметтің трансфері үшін «Қайрат» 315 мың еуро төледі. Бұл сомада агенттердің комиссиясы мен ойыншының бонустары есептелмеген.
Дереккөзі: vesti.kz