jasqazaq.kz

Әблязовтың сыбайластары елге оралу себебін түсіндірді

27 маусым 2019, 15:21

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шетелге қашып кетіп, Қазақстанға өз еріктерімен оралған БТА банкі ісіне қатысты айыптылардың видеожазбасын жария етті.

Олар видеожазбада шетелде өмір сүру қиын болғандығын, ешкім көмек көрсетпегендігін айтады. «Менің міндетіме Мұхтар Әбілязовпен аффилирленген компаниялардың кредит алуы үшін құжаттар топтамасын дайындау кірді. Мұхтар Әбілязовтан Вероника Ефимова арқылы елден кету керектігі, себебі қылмыстық іс қозғалғандығы, адамдарды түрмеге отырғызатындығы және бұл саяси мәселе екендігі туралы хабарлама алдым. Екінші кішкентай балам, қарт анам, өзім үшін қорқып, отбасыммен шетелге кетіп қалдым. Әрине, одан кейін бірқатар көмек алдым. Бірақ, шетелде болғанымызда қосымша ешқандай көмек алған емеспіз. Бізге өмір сүру өте қиынға соқты», — дейді БТА банкі Кредит басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Зәуре Жүнісова. Ал БТА банкінің бұрынғы басқарушы директоры — кредиттік комитетінің мүшесі Валерий Налобин банк басшылығы тарапынан қатты қысым болғанын атап өтеді. «Шын ниетіммен мойындағаным үшін банк басшылығы тарапынан қатты қысым болды. 2010 жылы шыдамым таусылып, өзім үшін, отбасым үшін қорқыныштан шетелге кетіп қалдым. Осы жылдар маған өте ауыр тиді. Отбасымды көрмедім, әне-міне тұтқынға алады деп үнемі қорқынышта өмір сүрдім. Дұрыстап жұмыспен де айналыса алмадым. Балаларымды, ата-анамды көрмегенім де ауыр соққы болды. Сондықтан 2018 жылы елге оралуға шешім қабылдадым», — деді Валерий Налобин.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде