jasqazaq.kz

Арыс көшелерінен 5700-ден астам әскери снаряд табылды

27 маусым 2019, 12:50

снаряд

Арыс қаласының аумағында төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде 5700-ден астам әскери снаряд табылды. Түркістан облысының әкімдігі 27 маусымдағы жағдай бойынша ақпаратты ұсынды. 

Арыс қаласында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына ҚР ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 техника жұмылдырылды. Ал Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелерінен 43 топ тартылған. 408 адам енген топ Арыс қаласының аумағын, атап айтқанда, теміржол станциясы мен жолдарды, әскери бөлім территориясын жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 5700-ден астам снаряд табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалды.

Осы уақытта эвакуациялық пункттерде 13187 адам бар. Оның ішінде Шымкент қаласында — 7249, Түркістан облысының аудан, қалаларында 5938 адам қоныстанды. Жедел штабтарда қауырт желілер ұйымдастырылып, тұрғындардан жалпы 15 мың 927 қоңырау келіп түсті. Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 277 адам медициналық көмекке жүгініп, 74-і ауруханаға жатқызылды. 3 адам қаза тапты. «Сондай-ақ, инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті билік қазіргі жағдайды тұрақты деп бағалауда», — делінген мәліметте.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде