
Арыс қаласында болған жарылыстан кейін Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына алғашқы зардап шеккендер келіп түсті, — деп хабарлайды Otyrar.kz.
Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай қазір үш адам ауыр жағдайда жатқанын, барлығы он адам зардап шеккенін хабарлады. «Адамдар келіп жатыр, біз оларды қабылдап, бірден барлық қажетті көмек көрсетіп жатырмыз. Зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз. Қазір сөйлесе алмаймын, кешіріңіз», — деді Абылай Донбай.