
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», — деп жазды Президент.
Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 24, 2019